Бүгін облыстық дін істері басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. 55 жастағы Жүсіпжан Ақзам еңбек жолын 1993 жылы Шалқар ауданындағы өндірістік кооперативте зоотехник болып бастаған. Кейін Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Астана қаласы әкімі аппаратында, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика министрліктерінің, Дін істері агенттігінің түрлі лауазымдарында жұмыс істеген. Жаңа басшыны активке таныстырған облыс әкімі бірқатар міндет қойды. Олардың ішінде - конфессияаралық келісімді нығайту, рухани құндылықтарды насихаттау және ағартушылық іс-шаралар өткізу маңызды. Жастарға арналған бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ халықаралық діни ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту міндеті жаңа басшыға жүктелді.