Қалалық жастар ресурстық орталығы мен қоғам белсенділері бірігіп, колледж білім алушыларымен кездесу өткізді. Шара жастар арасындағы құқықбұзушылық пен нашақорлықтың, буллинг пен лудоманияның алдын алуға бағытталды. Онда қатысушылар жастарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, бос уақытты тиімді өткізудің артықшылығын түсіндірді. Кездесуге дюздодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибараев та қатысып, колледж білім алушыларына ағалық ақылын айтты