Көмекке құштар, табиғатқа жанашыр, белсенді жастардан құралған еріктілер мектебі ашылды. Оның құрамында өңірдегі оқу орындарының 50-ден астам студенті бар. Жастар 5 күн бойы топтық жұмыстармен айналысып, тәжірибе жинақтайды. Бүгін ашылу салтанатында олар алғашқы медициналық көмек көрсетуді, мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін күтім, төтенше жағдай кезіндегі шұғыл іс-әрекеттер жөнінде арнайы мамандардан тәлім алды. Оқудың әр күні әртүрлі бағытқа арналған.