Өткен демалыс күндері Ақтөбе халқы өзінің жоғары азаматтық белсенділігін танытты. Санитарлық -тазалық жұмыстарының екі айлық науқанына атсалысу үшін жүздеген тұрғын жаппай көшеге шықты. Қажетті құрал-сайманмен қаруланған ардагерлер, еріктілер, түрлі ұйым өкілдері, студенттер өздеріне тиесілі аумақтарды тазалауға кірісті.