Биыл өңірде шамамен 464 шақырым жол жөнделеді. Ол үшін бюджеттен 60 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп қойған. Ал республикалық маңызы бар Хромтау бағытындағы трассаны салу жұмысы әрі қарай жалғасады.
Биылғы меже - сол салынып жатқан 28 шақырымдық жолдың бір бөлігін аяқтау. Сонымен, осы жылы жол инфрақұрылымы саласында не өзгереді?