Ұлыстың ұлы күнін ақтөбеліктер жоғары деңгейде атап өтті. Мейрам күндері облыс аумағында 1800-ге тарта мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, оған 700 мың адам тартылды. 6,5 мың тонна көже асылып, 3,5 мың тонна бауырсақ дайындалды. "Наурызнама" онкүндігі "Тазару" күнімен қорытындыланды.