Ұлыстың ұлы күні қаладағы "Нұрдаулет" сауда үйінде де тойланды. Таңмен ерте мерекелік концерт қойылып, жиналған жұртқа наурыз көже үлестірілді. Сонымен қатар, бауырсақ таратылып, келушілер ұлттық тағамдардан дәм татты.
Халық әндері орындалып, ақтөбеліктерге мерекелік көңіл күй сыйлады.