Өңірге жұмыс сапарымен вице-премьер Қанат Бозымбаев келді. Алдымен "Тасқын" жүйесінің болжамды деректерін талдап, шұғыл отырыс өткізді. Қанат Бозымбаев Қобда, Ойыл, Темір, Байғанин, Мұғалжар және Алға аудандарының аумағын да әуеден қарады.
Атап айтқанда Қобда ауданында қорғаныс бөгеттерін, Ойыл ауданында көпірді және Қараталдағы бөгетті бақылады. Темір ауданында «Бабатай» қысымсыз су бұру бөгетіне аэровизуалды тексеру жүргізді.
Байғанин ауданы бойынша Еңбекші және Шұбаршы ауылдарында қорғаныс бөгеттерінің құрылысын, сондай-ақ Шұбарқұдық ауылында еріген қар суын бұру арналарының құрылысын тексеріп шықты. Ақтөбе қаласының батыс бөлігін су тасқынынан қорғайтын Сазды су қоймасының салалары да назардан тыс қалмады. Қарғалы және Ақтөбе су қоймаларының жайын әуеден бақылады.