"Биыл балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, өзіне-өзі қол салудың алдын алу туралы жоспардың мерзімі де аяқталады. Біз әйелдер мен балалардың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылдадық. Өткен жылы барлық аймақта балаларды Психологиялық қолдау орталықтары ашылды".
Бұл туралы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы айтты. Иә, орталық біздің өңірде де ашылды. Мұнда 87 семинар-практикум өткізілді, оған 7 мыңнан астам ата-ана қатысты. Жалпы 9 мыңнан астам ата-ана психологиялық қолдау алды.