Сайлауда заңдылық пен жариялық қатаң сақталуы тиіс. Ол үшін жергілікті аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын жетілдіру маңызды. Өңірге жұмыс сапары аясында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қобда ауданына барып, сайлауға дайындық барысын тексерді. Бірнеше сайлау учаскесін аралады, кеңес өткізді.