Жыл санап аймақта білім мен ғылымға қызығушылық танытқан өнертапқыш балалардың саны артып келеді. Ендігі кезекте олардың өнер туындыларын қалың бұқараға кеңінен насихаттап, қолдау көрсету маңызды. Осы мақсатта облыстық білім басқармасы бүгін қалада талантты оқушылардың көрмесін ұйымдастырды. Көпшілік алдында балалар 100-ден астам ғылыми жоба қорғады.