Ұлттық құрылтай – ел тағдырына жауапкершілікпен қарайтын әр азаматтың үнін еститін, ұлттық мүдде тоғысатын маңызды алаң. Ұлттық құрылтай құрылғалы бері үш жылдың ішінде елімізде саяси реформалар қабылданып, жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. 


Айталық биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайды. Демек билік пен қоғам арасындағы байланыс көпірін нығайтып, ел болашағына қатысты ортақ шешімдер қабылдайтын алаңның берері мол.