Биыл аймаққа тартылатын инвестиция көлемін бір жарым триллион теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының аумағында екі жоба жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, Алға және Байғанин аудандарында цемент зауыттарын салу жоспарда бар. Облыстың индустриялық-инновациялық дамуы жайында бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында айтылды.