"Ашық сайлау өткізу - басты міндет". Өңірге жұмыс сапарымен келген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осылай деді. Ол жергілікті сайлау комиссияларының төрағаларымен кездесіп, биылғы 30 наурызға белгіленген сайлау жайын талқылады. Бұл жолы аудандық және қалалық мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына жаңасы таңдалады. Жиынға қатысқандар сайлау жүйесі мен заңнамасын жетілдіру жөніндегі мәселелерді, ұсыныстарды талқылады.