Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында қыз-келіншектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шара Есет батыр тұрғын алабындағы Отбасын қолдау орталығы мен Алтын Орда шағын ауданындағы Анаға тағзым ғимаратында өтті. Жүздей ару жәрмеңкеге қатысып, 40-қа жуығы түрлі мекемеден шақырту алды.