Тарихи жерлерді танып-білемін деген жұрт үшін Ақтөбе таптырмас мекен. Тұмса табиғаты көпті таңдандырады, бір ғана Ақтолағайдың өзі адамдарды таңдай қақтырады.

Әзірге қызықтырар осындай жері болғанымен, оған жетер жол жоқ. Жауаптылар биыл нақты іске көшеміз деп отыр. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, жол мәселесі шешілсе, туристердің барлық жағдайын жасаймыз деп отырған кәсіпкерлер жетерлік.