Өңірде су тасқынының алдын алу үшін мұз жару жұмыстары басталды. Күн күрт жылынса, ағын су бөгеттерді бұзып, өзен жағасындағы елдімекендерге жайылуы мүмкін.

Төтеншеліктер биыл тасқынның қаупі жоғары екенін айтып, дабыл қағуда.