Ассамблеяның мерейтойы аясында "Қоғамдық келісім" ғимаратының ішінен коворкинг орталығы ашылды. Бұл Ассамблея жастарының бастамаларын қолдау, жаңа идеяларын іске асыру, жалпыұлттық бірлік пен бейбітшілікті насихаттау, достықты нығайту және жастар арасында тығыз қарым-қатынас орнату алаңына айналмақ.