Облыстық полиция департаментінің ардагерлер ұйымында зейнеттегі 9 интернационалист - жауынгер бар. Бүгін ардагерлер департаментке қонаққа шақырылып, полицейлердің қазіргі дайындықтарын, техникалық мүмкіндіктерін көрді. Шараға өңірдегі 5 мектептің оқушылары да қатысып, ұстау операциялары қалай жүзеге асатыны туралы көрініске куә болды. Ардагерлер жастарға ақыл-кеңесін айтты.