Халел Досмұхамедұлы атындағы №35-ші мектепте ризашылық атты мерекелік кеш өтті. Алғыс айту күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға жас буын құрметті ұстаздарды шақырды.

Аға буын өкілдері жылдар бойы жинақталған кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жас басшылар заманауи цифрлық технология негізіндегі қызметтерін көрсетті.