Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 36 жыл толды. Осыған орай жастар интернационалист-жауынгерлерді еске алып, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті. Маңызды шараны Құдайберген Жұбанов университетінің, тарих факультеті студенттері ұйымдастырды.
Соғыс жылдары Ауған жеріне Қазақстаннан 21 мыңнан астам адам жіберілгені белгілі. Олардың тоғыз жүзден астамы қан майданнан елге оралмады. Әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалған сарбаздар есімі көп.
Бүгінде елге аман оралған соғыс ардагерлері жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде белсенді жұмыс атқарып жүр.