Ертең Халықаралық кітап сыйлау күні. Осыған орай Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында акция өтті. "Кітапханаға кітап сыйла" шарасына өңірдегі ақын-жазушылар шақырылған. Олар құр алақан келмеді.

Өздері сүйіп оқитын, үздік шығармаларды, кейбірі өз туындыларын кітапхана қорына берді. Олардың арасында тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұртаза Абдоллаевтың, журналист Гүлсім Оразалықызының ғылыми еңбегі бар.