Мамандық таңдау-маңызды қадам. Ақтөбеде оқушыларға кәсіби бағдар беруге арналған «Қадам Life» жобасы басталды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтармен таныстыру, практикалық дағдыларын дамыту және мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектесу.

Бүгін №19 және 39 мектеп оқушылары өңірдегі колледждердің әлеуетімен танысты.