Облыстық мәслихат 38 мрлд теңгеден астам қаржыны қайта бөлді. Қаржының басым бөлігі бірінші кезекте бірқатар саладағы нысаналы құрылыс жұмыстарына жұмсалады. Әрі аудандық маңыздағы және ауылішілік жолдардың құрылысы мен қайта жаңғыртуға бағытталған 13 жоба жүзеге аспақ. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясында айтылды.