Ұлттық ұланның бастамасымен қолға алынған "Жеңіске 100 күн қалды" акциясы жалғасуда. Бүгін 66/55 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрі №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, жалғызбасты қарияларға концерт қойды. Сарбаздар сұрапыл соғыс уақытында туған әндерді орындап, жеңіс мерекесінің лебін сездірді.