Бегалылық жастар бірліктің үлгісі. Олар соңғы кездері адамы үдере көшіп, мектебі жабылудың аз-ақ алдында қалған аядай ауылды ұстап қалу үшін барын салып жүр.
Өз күштерімен қаңырап қалған үйлерді жөндеп, елдімекенге жан-жақтан көпбалалы отбасыларды көшіріп әкелген. Осылайша, бала саны аз деп, сыртына қара құлып түсе жаздаған білім ордасын сақтап қалды.