Буллингке қарсы бөлмелері бар білім ордасы. Ақтөбеде жыл соңына дейін қауіпсіздік мәселесін басты назарға алған 12 жайлы мектептің құрылысы аяқталады. Осылайша апатты әрі үш ауысымды мектептердің мәселесі жойылып, 12 мыңдай оқушы заманауи, соңғы үлгіде жабдықталған білім ордаларында оқитын болады.