Кеше түнде 112 нөміріне Шымкент - Мәскеу бағытындағы автобус бұзылып, Ырғыз ауданының аумағында тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Түнгі бір жарымда жолда қалған 48 жолаушының 21-і Өзбекстан азаматы. Құтқарушылар жедел көмек көрсетті.

Зардап шеккендер жоқ.