Көктем келе жатыр. Өткен жылы өңіріміз бұл мезгілде үлкен сынақты басынан өткерді. Биыл былтырғы жағдай қайталанбас үшін қауіпсіздік шараларын егжей-тегжейіне дейін пысықтау қажет. Сондықтан бүгін облыс әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.