Экономика, инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін инвестиция тарту жөніндегі жұмысты жандандыру маңызды.
Жеке және шетелдік инвестицияларды тартуға, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға және инновациялық жобаларды қолдауға баса назар аударылады. Облыс әкімі Президент қатысқан Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін кеңес өткізді.
Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысқан жиында инвестиция көлемін ұлғайту жөніндегі жұмыстың басым бағыттары талқыланды.