Балалар автобусын тізгіндеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені көліктегі әрбір оқушының амандығы жүргізушілер үшін өз өмірінен де маңызды. Міне, қалада осындай жауапты қызметті атқаратын зейнеткер бар. Ол 72 жастағы - Серік Райымбаев. Бүгінде №50 орта мектепте оқушыларды тасымалдаумен айналысады.