Қалаға тағы 14 автобус әкелінді. Жаңа қоғамдық көліктер бұл жолы №14 және 26 бағыттардағы ескі маршруттарды алмастырады. Жоспар бойынша автобустар ертең және арғы күні айналымға шығады. Заманауи көліктердің іші кең әрі жайлы. Қыста тоңдырмайды, ал жазда салқындатқыш қосылады. Өз кезегінде тасымалдаушы компанияның да өтініші бар.