2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі. Заңнамадағы өзгеріске сәйкес, қос дөңгелекті көлік иелері енді жүргізуші куәлігін алып, мопедтерін мемлекеттік тіркеуден өткізуі шарт.
Бүгін Ақтөбе қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында алғашқы мопед жүргізушісі өз көлігін тіркеп, тиісті құжаттарын алды.