Қуыршақ театрында “Жол әуендері” қойылымының тұсаукесері өтті. Режиссер Антон Зайцевтің бұл спектаклі аяқ асты апатқа ұшыраған қос кейіпкердің бірі-бірімен танысуынан басталады. Кейін олар қосыла ән айтып, би билеп жүріп, автожолды қай жерден және қалай кесіп өтуге болатынын үйренеді. Әрі ондағы белгілерді ажыратуға дағдыланады. Яғни, қойылым желісі балаларға жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескертеді.