Мен және менің инспекторым. Бүгін тәртіп сақшылары бастауыш сынып оқушылары арасында өткен сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Айта кетейік, жастайынан сурет салуға бейім балалардың сайысы қаңтар айының басында басталған болған. Содан бері конкурсқа қаладағы 35 білім ордасының оқушылары өз жұмысын ұсынған.