Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі. Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау арқылы қоғамда қарапайым еңбек адамына деген көзқарасты жаңғыртуға шақырды.
Арамызда адал еңбегімен мол табысқа кенеліп, биік белестерді бағындырған жандар аз емес. Солардың бірі- танымал кәсіпкер Жанат Бекбауова.
Бүгін Абай атындағы қалалық кітапхана іскер әйелмен кездесу ұйымдастырып, жастарға оның жетістікке жету жолын үлгі етті.