"Әлімбет" шекара бекеті тәуелсіздік алғалы бері жөнді жөндеу көрмеген. Бұл бағыттың жолы да нашар. Осыған сәйкес, көлік министрлігі шекара өткелін бір жарым жылдай мерзімге жөндеуге жабуды жөн көрді.

Онсызда транзиттік әлеуеті тежеліп тұрған өңір үшін ең ірі автоөткізгіштің 16 айға шектелуі қалай болмақ?