Бүгін ерікті жастар қала көшелерінің қарын күреп жүрген жұмысшыларға ыстық шай берді. Қайырымдылық шарасына волонтерлер мен Астана ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Басты мақсат - Жұмысшы мамандықтар жылында ауыр жұмыс иелерінің еңбегін көпшілікке насихаттау. Тақырыпты әріптесім Нұрболат Қуантайұлы жалғастырады.