Өңірде аяз күшейіп, жолда қалғандарға полиция мен төтенше жағдайлар қызметі көмек көрсетті. Самара-Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы аумағында 82 жолаушысы бар автобус бұзылып қалған. Жол жиегінде қалған қоғамдық көлікті полиция қызметкерлері байқап, төтенше жағдайлар және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге олардың бәрін жылыту пункттеріне жеткізді. Мұнда Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары болған. Оның үшеуі бала.

Сонымен бірге Қобда ауданы аумағында да бір автобус анықталды. Онда 25 жолаушы болды. Жолда қалғандар жүргізушісімен қоса жылыту пунктіне жеткізілді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолда бұзылған 30 ауыр жүк көлігі мен 2 автобус тұр. Полиция және жергілікті атқарушы орган оларға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.