Аймақта «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Бүгін тәртіп сақшылар қаладағы жекелеген тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Инспекторлар қорғау нұсқамасы бар, маскүнем, нашақор және қолайсыз отбасы сияқты санаттар бойынша есепте тұрған азаматтарға Қылмыстық кодекстің кейбір баптарына енгізілген өзгерістерді айтып берді.