Кітаптарды цифрландыру ісінде мәселе көп. Аймақта бүгінде 234 кітапхана жұмыс істейді. Ондағы кітап қоры 3 млн 500 мыңды құрайды. Алайда цифрланған кітап санының үлесі небары 7 пайызды құрап отыр.
Өңір кітапханашылары бүгін облыстық семинарда бас қосып, қызметті цифрландыруға қатысты қордаланған мәселелерді қозғады.