Биыл да былтырғыдай қарлы боран әбігерге салуы мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы орган дайындықты пысықтады. "Су тасқыны ерте басталуы мүмкін. Сондықтан ауа райы жағдайына жан-жақты, мұқият қарау қажет», - деді облыс әкімі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысында. Жиында коммуналдық қызметтердің, көліктің және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жедел іс-қимылдарды үйлестіру және материалдық-техникалық базаны уақытылы дайындау да маңызды.