Қыс қаһарына мінген шақта төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы артты. Қазіргі кезде 450-ден астам техника дайын. Егер алда-жалда көлік бұзылып, адамдарды құтқару қажет болса дер кезінде жолға шығады. Адамдарды орналастыратын 161 жылыту пунктінің де тізімі белгілі. Оның 46-ы Самара-Шымкент тасжолына жақын аудандар мен ауылдарда орналасқан. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында тағы не туралы айтылды?