Жатыр мойны обыры - әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурудың бір түрі. Жыл сайын әлемде 2000-ға тарта әйелден осы дерт анықталып, 600-ден астамы көз жұмады. Бұл обырдың қоздырғышы - адам папилломасы вирусы. Сондықтан елімізде нәзік жандыларды қорғау үшін жасөспірім шақтан вакцина салдыру қолға алынды. Екпені салу кезең-кезеңімен жүзеге асады. Мамандар екпенің мақұлданғанын және мүлдем қауіпсіз екендігін айтады. Адам папиллома вирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген. Бұл аурудан қорғанудың тиімді әдісі.