Президент есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға қол қойды. Ол биыл үшінші наурыздан бастап күшіне енеді. Жаңа заңға сәйкес енді есірткі жасырушылар Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұдан былай психотроптық заттың көлеміне қарай оны жасырғандар 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Заңдағы өзге де өзгерістерді әріптесім Ботакөз Сахитжанова тарқатып айтады.