Интернет алаяқтардың жаңа айла-амалы, жымысқы әдістері көбейіп келеді. Сәйкесінше айналамыздағы адамдар аңдаусызда алдынып, бармақ тістеп қалып жатыр.

Мәселен былтыр облыс аумағында мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелген. Олардың басым бөлігі интернет арқылы оңай олжа табуды көздегендер.