Өңірде кеше жабылған жолдар бүгін қайта ашылды. Оның ішінде Самара-Шымкент тасжолының Ақтөбе-Қызылорда аралығы да бар. Сонымен бірге Ақтөбеден Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаскеде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс ашық. 


Қауіпсіздік мақсатында полицейлер жиналған көліктерді алып жүруді ұйымдастырды. Бұл жол учаскелерінде мыңнан астам жеңіл автомобиль сүйемелденді.