Шалқарда әскерге шақыру пунктінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты нысанның құрылыс жұмыстарына 175 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Ашылу салтанатына аудан әкімі Жанболат Жидеханов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы Әділет Отарбаев қатысты. Департаментінің бастығы аудандағы бөлімге 500 мың теңге сертификат пен бағалы сыйлық тапсырды. Азаматтарды әскерге шақыру— үздіксіз жүргізілетін үрдіс. Учаскелерге тіркелген сәттен жергілікті әскери пункттер әскерге шақыруға жататын азаматтарды жүйелі зерделей бастайды. Жастардың құжаттарын зерделеп қана қоймай, тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Бұндай жұмыстар енді жаңа ғимаратта жүргізіледі.