Облыс көлемінде 775 қасқырды атуға рұқсат берілді. Елімізде қасқыр мен шибөрі санын реттеу лимиті бекітілді. Бұл жайында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады. Түз тағысын ату үшін рұқсат қағазымен қатар, міндетті түрде аңшының аңшылық билеті және қару ұстауға рұқсаты болуы керек. Қасқыр халықтың денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығын және үй жануарларын түрлі аурудан сақтау, қоршаған ортаға шығын келтірмеу мақсатында санын реттеу үшін атуға рұқсат берілген аңдар тізіміне кіреді. Ал, құжатсыз аңшыға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.