Облыстағы еңбек мобильділігі орталығы былтыр 57 мың ақтөбелікті жұмысқа орналастырып, жоспарды артығымен орындады. Жас, кәрі демей екі қолға бір күрек іздегендердің барлығы еңбекпен қамтылды- дейді мамандар. Мүмкіндігі шектеулі жандар да өзіне қолайлы іс тауып, түзету мекемесінен шыққандар қоғамға пайдасы тиетін игілікті жұмысқа тартылды.